Астана
Dreams Home кофеханадағы бір сөреден басталып, жеке бағытқа айналды.
Біз Capital Park Light ЖК-де Dreams Coffee & Home-ды таңертең кофеге кіретін орын ретінде аштық. Көп ұзамай қонақтардың тек нан-тоқаш витринасын ғана қарамайтыны белгілі болды: «көрік үшін» қойған кеселер, тақтайлар мен сүлгілерді сатып алуға сұрай бастады.
Осылай Dreams Home пайда болды. Бүгінде бұл — төрт желі және жүзден астам позиция: ыдыс, тоқыма, сақтау және декор. Біз әр затты бұрынғыша өзіміз таңдаймыз — жеткізуші ұсынғанның бәрін емес, өз үйімізге қоятынымызды аламыз.
Интернет-дүкеннен басты айырмашылығы: бізде нақты сөре бар. Кез келген позицияны төлемес бұрын келіп, тірідей көруге болады.
Не уәде етеміз
- ✓Барын растамай тұрып алдын ала төлем алмаймыз.
- ✓«Директте сұраңыз» емес, нақты бағаны көрсетеміз.
- ✓Тауар сынып жетсе — өз есебімізден ауыстырамыз не ақшасын қайтарамыз.
- ✓Ең қымбат жинақты таңбай, бюджетіңіз бен себебіңізге қарай сыйлық жинаймыз.

